Қызылорда облысында сексеуіл отаған қала тұрғыны ұсталды

Қоршаған орта, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2022 09:56 Сурет: polisia.kz
Өңірде 8-18 тамыз аралығында “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара аясында 11 тамыз күні облыс орталығында 40 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген Volvo жүк көлігі тоқтатылып, тексеру барысында көліктің жүк салғышынан көлемі 3 шаршы метрді құрайтын заңсыз кесілген сексеуіл анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: