Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда жол апатына түрткі Mercedes-тің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Оқыс оқиға Сурет: Zakon.kz
Ақтауда полицейлер Mercedes көлігі жүргізушісінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 тамызда сағат 19: 30-да 28-ші ықшам ауданда №6 үйге қарама-қарсысында Mercedes жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Chevrolet Aveo-мен соқтығысты, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Одан кейін бар инерциясымен Mercedes жарық бағанына соғылған. Аталған жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер оның жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Зардап шеккендердің бірі облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз