Алматыда екі жаяу жүргіншіні көлік қақты

Жол апаты Әуезов көшесінде сағат 20:17 шамасында орын алды. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізілді, бірақ тексеруден кейін үйлеріне босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріповтың айтуынша, Toyota маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші қаланың солтүстік бағытында келе жатқан. Бір уақытта рұқсат етілмеген жерден екі жаяу жүргінші жолға атып шығады.
Жүргізуші шалт қимыл жасап үлгермей, оларды соғады.
Зардап шеккендер дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізлді.
Іс материалын Алмалы ауданының ПБ қызметкерлері өз өндірісіне алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript