Талғарда көпірден секірмек болған 16 жасар қызды полицейлер құтқарып қалды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 14:23 Сурет: polisia.kz
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырды. Белгілі болғандай, оның анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Әкесімен және ағасымен бірге тұратын қыз сол күні ағасымен жанжалдасып қалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер көпірден өз-өзіне қол салмақшы 16 жастағы жасөспірімді қыз байқайды.

Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша суицидті болдырмады, – дейді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: