Алматы облысында қару-жарақ жасырулы орын табылды

Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасырын орыннан қару-жарақ тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрылыс қалдықтарының үйіндісі аумағында теріге оралған 4 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі 22 патрон тауып, тәркіленді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ІІМ Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекеев
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қару мен оқ-дәрілерді сақтауға қатысы бар адамдар анықталу үстінде.
Алынған заттай дәлелдемелер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript