Алматыда BMW соққан Daewoo көлігінің жолаушылары салонда қысылып қалған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2022 23:54 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Яссауи және Трудовая көшелерінің қиылысында болған жол апатынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 16 қыркүйекте кешқұрым уақытта орын алды.

BMW X5 көлігі Яссауи көшесінің бойымен оңтүстік бағытта, ал Daewoo Nexia автомобилі Трудовая көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Яссауидің солтүстік жағындағы кептеліске байланысты айналаны көру мүмкіндігі шектеулі болды. Daewoo жүргізушісі көше қиылысына шыққанда оған BMW бар жылдамдығымен келіп соғылған.

Қатты соққыдан Daewoo жол жиегіне ұшып кетті, онда да автокөлікті жеке тұрғын үйдің қоршауы ұстап қалды.

BMW тізгініндегі адам да рөлге ие бола алмай, көлік бір шетке ұшқан. Ол арыққа түсіп кете жаздаған.

Daewoo-ның қатты соққыдан артқы жағы мыжылып қалған. Артқы орындықтағы жолаушылар қысылып қалған, оларға апатқа куә адамдар көмекке келді.

Daewoo Nexia жүргізушісі мен үш жолаушысын жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті. Екеуінің жағдайы ауыр. BMW X5-тен ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: