Алматылықтың шотынан 5 мың доллар шешіп алған екі күдікті видеоға түсіп қалған

Іздеу жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 12:33 Сурет: polisia.kz
Екі ер адам ірі алаяқтық жасап, камераның объективіне түсіп қалды. Олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, одан депозиттік шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұрайды. Содан соң қаскөй әйел адамға телефонына келіп түскен кодты айтатын болса, шотқа кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғаныс орнатамыз деп сендірген. Өзін алдап тұрғанынан еш күдіктенбеген әйел айтылған талаптарды орындаған, ал бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Банктегілер 5 мың доллардан астам қаражаттың шоттан шешілгенін хабарлады. Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов

Полиция қызметкерлері суреттегі адамдарды таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуыңызды сұрайды: 272-32-76; 254-48-02; 254-48-76; 8-702-976-7099.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: