Алматыда жол апаты орын алып, мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Ер адам жедел жәрдем көлігі келіп жеткенше көз жұмды. Полицейлер жантүршігерлік жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы жол апаты Халиуллин мен Набережная көшелерінің қиылысында орын алды.

Сурет: Zakon.kz
Honda және Yamaha мотоцикліндегілер Халиуллин көшесі бойымен бір-біріне қарсы бағытта жүріп келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz
Yamaha мотоциклінің жүргізушісінің айтуынша, Honda-дағы ер адам күтпеген жерден қарсы жолаққа шығып кеткен, содан кейін ол бір бүйіріне қисая құлаған. Мотоциклмен қоса Honda жүргізушісі де жолға ұшып түскен.

Сурет: Zakon.kz
Апат салдарынан Honda-дағы ер адам дәрігерлер келгенше оқиға орнында мерт болды. Полицейлер ер адамның өлімінің себебін анықтап жатыр: жол апаты кезінде тас жолға ұшып түсіп, жазатайым оқиға орын алды ма, әлде Yamaha жүргізушісінің соқтығысуынан болды ма деген тұрғыда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript