Онлайн-альфонс зейнеттегі әйелге пәтерін саттырып, 36 млн теңгесін қағып алған

Онлайн-алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 19:46 Сурет: pixabay
22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының полиция басқармасына 65 жастағы әйел арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол алаяқпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар, “күйеу жігіт” зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшемін деп сендірген.

Ақырында жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі - "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: