Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысының полицейлері 900-ден астам киік мүйізін тәркіледі

Браконерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 23:55 Сурет: polisia.kz
Күдіктілерді мүлкін тәркілеумен қатар, үш жылдан бес жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Самара – Шымкент тас жолында жедел іс-шаралар өткізу барысында 41 жастағы жүргізушінің басқаруыдағы Ваз-2110 көлігін тоқтатты.

Жолаушылар отыратын орынның жанында 61 жастағы ер адам болған. Полицейлер көліктің жүксалғышынан ақбөкен мүйізі бар 7 қорапты тапты. Жолаушы қораптардың өзіне тиесілі екенін және мүйіздерді сатқысы келгенің түсіндірді.

Қораптарда 765 дана киік мүйізі болды. Сонымен қатар, ер адамның тұрғылықты жерінен тағы 184 киік мүйізі тәркіленді. Барлығы 949 дана киік мүйізі алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: