Алматыда түнгі клубты жағалайтындарды тонайтын ұры ұсталды
Сурет: polisia.kz
Ойын-сауық мекемелеріндегі ұрлық дерегін Медеу ауданының полиция қызметкерлері анықтады. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 21 жастағы алматылық жігіт болып шықты.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 21 жастағы О. есімді азамат ұсталды. Тергеу анықтағандай, ол адам көп жиналатын орындарды таңдаған: түнгі клубтар, лаунж-барлар, караоке клубтары. Қонақтардың ән айтуға немесе би билеуге кеткенін күтіп, кейіннен олардың мүлкін ұрлап кеткен. Бұл көбінесе ұялы телефондарға қатысты. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас үш эпизодқа қатыстылығы анықталды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript