Алматыда жолаушылар автобусы қоршауды бұзып, жер үйге қойып кетті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Рысқұлов даңғылынан жоғары Кудерин көшесімен келе жатқан № 141 қалалық автобус жеке үйге қойып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, рөлде отырған жүргізуші ұялы телефонға қарап отырған.
Бір уақытта автобус тротуарға шығып, электр желісі бағанын соғып, содан кейін қоршауды бұзып, жер үйге "кіріп кеткен".
Автобус жер үйдің ас бөлмесін қиратып, шатырын құлатқан.
Оқыс оқиға орын алған уақытта сырттан енді ғана оралған балалар ас бөлменің жанында болған. Бақытқа орай, олар зардап шеккен жоқ.
Әкесі балаларды терезеден шығарып алып үлгерген, әйтпесе олар қирандыда қамалып қалар еді.
Жеті жолаушының зардап шеккені туралы ақпарат бар. Автобус жүргізушісінің өзі де ауыр жарақат алды.
Тергеу амалдары қолға алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript





