Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде мектеп директоры жүкті әйелі мен қызына пышақ сілтеген

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 22:40 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысындағы Аққайтым орта мектебінің директоры өз отбасын ойрандады. Ол тұрмыстық жанжал кезінде әйелі мен сегіз жастағы қызына бірнеше жерден пышақ салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасының мәліметінше, жанжалға не себеп болғаны, әзірге белгісіз. Ол жағын полиция анықтап жатыр. Күдікті сол күні қамауға алынды.

Ақтөбе облыстық Шалқар аудандық ПБ ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 37 жастағы күдікті анықталып, ол қамауға алынды. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов

Отбасында екі қыз бала бар. Үлкені - 8, кішісі - 1 жарым жаста. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша күдікті Жаңақоныс ауылындағы мектепте сәуір айында директор болып тағайындалып, артынша көшіп келген. Бұған дейін Шалқар аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет істеген.

2022 жылдың сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. Осы жылдың қазан айының 6-нан бастап қызметінен босатылды. Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: