Полиция қызметкері серіктесін өлтірді деп айыпталды

10 қазанда Шығыс Қазақстан облысында полицей серіктесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық істің тергеуі ҚР Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.
4 тамызда Ақтауда полицей өлтірілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript