"Тоғыз адамның алтауы қаза тапты". Алматы облысында ауыр жол апаты орын алды
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
13 қазанда сағат 17.30 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Mercedes және Subaru автокөліктері соқтығысып, ауыр жол апаты орын алды. Салдарынан 6 адам қаза тапты, тағы үшеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша 28 жастағы Mercedes жүргізушісі Алматы - Көкпек - Көктал тас жолының 69 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен жанамалы соқтығысуға жол берген. Онымен тоқтамай, Mercedes жол жиегіндегі ағашқа соғылған.
Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, олардың төртеуі - кәмелетке толмағандар. Әр түрлі жарақаттармен зардап шеккен тағы 3 адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, ескі Mercedes-те 9 адам болған, оның алтауы - кәмелетке толмағандар.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайларды анықтау үстінде. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript