Сүйіктісінің өзіне назар аударғанын қалаған көкшетаулық 102-ге жалған хабарлама берген

17 қазанда Көкшетау қаласы ПБ-ның жедел басқару орталығының "102" желісіне белгісіз ер адамнан хабарлама келіп түсті. Ол тұрғын үйдің аумағында жарылғыш зат барын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Telegram-дағы polisia.kz арнасында көрсетілгендей, арнайы шаралар қабылданып, болжамды аудан қоршауға алынды, осы аймақтағы азаматтар эвакуацияланды. Қызметтік ит, саперлар, кинолог-мамандар жүргізген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылмады.
Полицейлер жалған қоңырау шалған жергілікті тұрғынды анықтады. Ер адам мас күйінде болғаны белгілі болды. Ол көрсетілген мекен-жайдағы дүкендердің бірінде жұмыс істейтін бұрын бірге тұрған әйелдің назарын аудару үшін осындай шешім қабылдаған болып шықты, делінген хабарламада.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 273-бабы бойынша полиция сотқа дейінгі өндірістік істі қолға алды (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар).
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript