Ақтөбе облысында қоқыстан шақалақтың денесі табылды
Сурет: unsplash
Шақалақтың денесі 23 қазанда Ақтөбе облысы Бадамша ауылы маңындағы қоқыс полигонындағы қара полиэтилен пакеттен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 қазанда Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы "Рождество - Дөң" тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы -"Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript