Қызылорда облысында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан емханада әйел адам қаза тапты

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 19:22 Сурет: Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
2 қарашада сағат 14.40 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментіне қарасты емханада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде әйел адамның басына құрылыс сатысының темір бөлшегі құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабының 2-бөлігінің (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: