Петропавлда көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы үзіліп, бір адам мерт болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 23:29 Сурет: Zakon.kz
4 қарашада Петропавлда Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің жеделсатысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам төменге - шахтаға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Петропавл қалалық ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: