Оралда жүрген Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды
Сурет: polisia.kz
Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тіркеді. Олар визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды. Көліктегі департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов
Олар 21, 25, және 26 жаста.
Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде “ізін суытпай” 11 қылмыстың беті ашылды. Сондай-ақ мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 40 ұсақ бұзақылық фактісі, 200 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу дерегі, 51 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды.
Айта кетсек, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың 9-11 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript