Жаңалықтар тізбегі
0

"Түкірік" үшін айыппұл төледім". Жазаға тартылған Мәжіліс депутаты жазба жариялады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 22:38 Сурет: Facebook/Ерлан Сайыров
Екібастұздан тікелей эфирге қосылып, сұқбат беріп тұрған кезінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жерге түкіреді. Оның видеосы желіде тарап, ол полиция назарына іліккен. Депутатқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК (1АЕК - 3063 теңге) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты айыппұлды бірден төлеп, 50 пайыз жеңілдікке ие болған. Мұны Ерлан Сайыровтың Facebook-тегі парақшасында жариялаған чегінен көруге болады. Яғни, ол 15 315 теңгенің орнына 7657 теңге 50 тиын төлеген.

Біздің құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды еске салған халық қалаулысы әрбір азамат өзінің істегені үшін жауап беруі қажеттігін де қадап айтып, парақшасында жазба да жариялады.

"Мен кешегі "Хабар" арнасындағы "түкірік" үшін айыппұл төледім. Заң алдында барлық азаматтар тең болуы керек. Бұл аксиома! Сонда ғана әділетті қоғам құрамыз! Басқа да азаматтар заң алдында өз жауапкершілітерін сезінуі қажет. Әсіресе, халықтың игілігін жымқырып қойған олигархтар мен алпауыттар. Олардың жауапкершілігін біз көздеріне "шоқшитып" көрсетуіміз қажет! Әрбір адам өзгерісті өзінен бастауы тиіс. Әрқайсымыз өзгерсек, мемлекетті өзгертеміз! Мені қолданған азаматтарға көп рахмет! Мені сынға алған азаматтарға да ырзашылығымды білдіремін! Біз Біргеміз!" делінген жазбада.

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 22:38

Сурет: Facebook/Erlan Sairov

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: