Үшарал – Достық тас жолында екі жүк көлігін қатты жел төңкере салған
Сурет: видеодан алынды
Жетісу облысындағы желдің екпіні қатты болғаны сонша Үшарал – Достық тас жолында екі "фура" бір жанына қарай құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктер көтеріліп, өз жүрісін жалғастырды.
"Екі "фура" Үшарал - Достық тас жолының жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеу енгізілген 60-120 шақырымы аралығындағы учаскеде аударылғанын хабарлаймыз. Екі жүргізуші де аман-сау. Автокөліктер көтеріліп, өз жүрісін жалғастырды". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ департамент бұл учаскеде жиі қатты жел болатынын, сондықтан бұл маң жүк және жолаушылар көлігі үшін қауіпті екенін нақтылайды.
3 желтоқсанда Екатеринбург – Алматы тас жолының учаскесінде қозғалыс қайта қалпына келтіріліп, алдында енгізілген шектеу күшін жойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript