Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 18:09 Сурет: polisia.kz
Оқиға 24 желтоқсан күні сағат 18:00 уақыт шамасында Самара-Шымкент тас жолындағы Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылы тұсында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz хабарына қарағанда, 44 жастағы жүргізуші "Вольво" маркалы жүк көлігін басқара отырып рөлге ие бола алмай қарама-қарсы бағыттағы 39 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы DAV маркалы жүк көлігімен соқтығысты.


Сурет: polisia.kz

Жол апаты салдарынан 44 жастағы "Вольво" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.


Cурет: polisia.kz

Сонымен бірге оның 24 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен аурухана жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Сурет: polisia.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: