Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында заңсыз кесілген ағашты тасымалдаған КамАЗ жүргізушісі ұсталды

Полиция Сурет: polisia.kz
Абай облысының аумағында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуді, тасымалдауды және өткізуді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 15-31 желтоқсаны аралығында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз ағаш кесу, қылқан жапырақты жас өсімдіктерді тасымалдау және сату фактілерін анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасып жатыр.

Рейдтік жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында барлық жерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар қатарынан 48 мобильдік топ құрылды. Профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері Қарағай тұқымының қылқан жапырақты ағаштарын заңсыз кесудің 4 фактісін тіркеді.

Сонымен бірге Бесқарағай ауданында полиция қызметкерлері қылқан жапырақты алқаптарды кезекті аралау кезінде Қарағай тұқымының қураған ағаштарын заңсыз кесуді жүзеге асырған КамАЗ ауыр жүк көлігінің 62 жастағы жүргізушісін ұстады. Ағаш кесушіге қатысты ҚР ҚК-нің 340-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: