Маңғыстау облысында ер адамнан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 18:34 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқыту арқылы ақша талап етіп, бопсалаған азаматтың үстінен полицияға шағым түсірді. Жәбірленушіден 1 600 000 теңге көлемінде қаражат талап етілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Тінту жүргізу барысында күдіктінің заңсыз әрекеттерін растайтын 200 000 теңге ақшалай қаражат тәркіленіп алынды.


Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етілмейді. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: