Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда жас келіншек азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 19:20 Сурет: Zakon.kz
11 қаңтарда Талдықорған полициясына көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерінен денесінде пышақ жарақаттарымен 42-жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пәтер азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларға жалға берілген, олар сол күні кешкі уақытта құрбысының қатысуымен мерекелік отырыста ішімдік ішкені анықталды.


"Аталған факті бойынша ер адамдың өліміне азаматтық некеде бірге тұратын 33 жастағы жас келіншектің қатысы бар екені белігілі болды. Ол ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде оқиға орнынан табылған асхана пышағы, сондай-ақ қылмыстың куәгері болған ерлі-зайыптылардың қонағынан жауап алынды". Талдықорған қаласының полициясы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: