Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ашуға мінген әйел күйеуінікі екен деп көршісінің көлігін талқандап тастаған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 19:05 Сурет: pxhere
Әлеуметтік желіде бір әйелдің есік алдында тұрған Kia автокөлігін оңдырмай талқандап жатқанын сипаттайтын видео пайда болды. Аталған оқиға Алматы қаласында Жаңа жыл қарсаңында орын алғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоға берілген сипаттамада Жаңа жылға бірер минут қалғанда күйеуімен ұрсысып қалған әйел есік алдына атып шығып, "оның Kia K5" ақ көлігін талқандай бастағаны, есікті майыстырып, терезені сындырып, нөмірді жұлып алғаны айтылады. Кейін белгілі болғандай, бұл оның күйеуінің емес, көршісінің көлігі болып шыққан. Ашулы әйел оны шатастырып алған.

Таңертең талқаны шыққан көлігін көрген көршісі полицияға арыз жазады.

"Бұл факт тіркеуге алынған. Қазіргі уақытта оны жергілікті полиция қызметі қарастырып жатыр. Ары қарай ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін істің мән-жайы мұқият зерделенетін болады". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Видеоны мына арадан көре аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: