Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетау тұрғыны көпқабатты үйді жарып жібермек болған

Газ баллон, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 01:17 Сурет: pixabay
Көкшетауда 25 жастағы жігіт көпқабатты үйді жарып жібермекші болды. Қолына пышақ ұстаған күдікті пәтеріндегі газ баллонының шлангісін кесіп тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындардың бірі мұны дереу полицияға хабарлаған. Ол тәртіп сақшыларын көріп қалып, үшінші қабаттағы пәтерін ішінен жауып, газ баллонын жарамын деп айғайлаған, тіпті баллонның шлангісін кесіп, ауаға газ тараған. Осыдан кейін көпқабатты үйдің тұрғындарын тегіс сыртқа шығаруға тура келген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал тұрғынды сөзге көндіре алмаған полиция балконнан пәтеріне кіріп, күдіктіні ұстады. Қазір іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің баспалдағы мен балконға көтеріліп пәтерге кірді. Ол сонда да пышағымен айбат шеккен. 1997 жылғы азамат наркология диспансеріне жеткізіліп, сараптама тағайындалды. Қорқыту бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды".Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: