Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: 33 975 өтінім мақұлданып, 9 658 адам жаңа нөмір алды

Заңдастыру акциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 18:50 Сурет: Zakon.kz
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аясында соңғы бір күнде тағы мыңға жуық қазақстандық өз көліктерін сәтті заңдастырып, құжаттары мен жаңа нөмір алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінде 33 975 өтінім мақұлданған. 9 658 автокөлік сәтті заңдастырылды". ҚР ІІМ


Айта кетсек, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы 23 қаңтарда басталды. Бұл - бір реттік акция. Заңдастыру бойынша бекітілген ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұл жеңілдікті жеңіл автомобильдер, шағын, орта автобустар (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдері (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде рөлі оң жақта орналасқан автомобильдер иесі пайдалана алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: