Оралда екі жеңіл көлік соқтығысып, бірінің жүргізушісі қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2023 15:07 Сурет: Zakon.kz
5 ақпанда Орал қаласында Toyota Camry мен Ауди-80 автокөліктері соқтығысып, оның бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"5 ақпанда сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды". БҚО облысы ПД

2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен оның жанында болған жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: