Түркістан облысында полиция бастығының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Түркістан облысы, алаяқтық, полиция қызметері, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 15:52 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек,  ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн.теңге мөлшерінде ақша алды деп күдіктелуде.

"Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны "үйқамақ" бұлтартпау шарасы санкцияланды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын атап өтті.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: