Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық жігіт сауда үйінен 36 мың теңге тұратын кеудешені ұрлап кеткен

ұрлық Сурет: видео скрині
Астана тұрғыны күндізгі уақытта ерлер киімінің бутигіне кіріп, құны 36 мың теңге тұратын кеудешені ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті киімдегі қорғаныс белгісін шешіп болған соң, кеудешені бүктеп, cөмкесіне салып алған. Сатушылар оны байқамаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған 23 жастағы жігіт анықталды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз