Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында үш күн ішінде интернет-алаяқтық бойынша 14 күдікті ұсталды

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 18:57 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында "Аnti-fraud" профилактикалық іс-шарасы аясында интернет-ресурстарды пайдалана отырып, алаяқтық жасады деген 14 күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтық фактілерін облыстық КПБ қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің барлық аудандық бөлімшелерінің жедел қызметкерлері бірлесіп ашты.

Тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармақтың 2-бөліміне (Алаяқтық), 188-бабы 4-тармақтың 2-бөлігіне (Ұрлық), 198-бабының 1-бөлігіне (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) сәйкес жүргізіледі. Онда әртүрлі ақпарат пен интернет-ресурстарды және артылған сенімді асыра пайдалану арқылы жасалған ұрлық, контрафакті және алаяқтық қылмыстары көзделген.


"Полиция бұрын Талдықорған қаласында тұрған Қостанай облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Бойжеткен қыз адамдарға ақша табу тәсілін көрсетуге уәде бере отырып, WhatsApp мессенджерінде топ құрған. Қазір 11 жәбірленуші анықталды, оның ішіндегі 5 адам талдықорған тұрғындары. Тек біздің қала тұрғындарының шығыны 3 млн теңгеден асты. Қазір бұл қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды". Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Жұрынов

Жыл басынан бері Жетісу облысында 106 алаяқтық фактісі тіркелді, соның ішіндегі 32 дерек интернет-алаяқтық санатына жатады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: