Конституциялық соттың судьяларына өмір бойы жәрдемақы төленеді
Құжат ҚР Конституциялық Сотының қызметте болу мерзімінің аяқталуына байланысты өкілеттігі тоқтатылған, зейнет жасына толған судьясына ай сайынғы өмірлік жәрдемақы төлеу тәртібін айқындайды.
Конституциялық Соттың зейнет жасына толған судьясы құжаттарды қоса бере отырып, Конституциялық Соттың Аппаратына ай сайынғы өмірлік жәрдемақы тағайындау туралы өтініш береді.
Конституциялық Соттың Аппараты өтінішті алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш берілген күнгі ай сайынғы өмірлік жәрдемақы мөлшерін көрсете отырып, тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Бұл ретте, Конституциялық Сот судьясының ай сайынғы өмірлік жәрдемақысы бір мезгілдік мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемін немесе ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемін алуды болдырмайтыны көрсетілген. Бірақ ол зейнетақы қорында жинақтаған зейнетақы төлемдерін ала алады.
Ай сайынғы өмірлік жәрдемақы алушыны қайтыс болды деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген немесе қайтыс болған жағдайда өмір бойы жәрдемақыны төлеу қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асады.
Қаулы 2023 жылы 22 ақпанда күшіне енеді.