Алматыдағы караоке клубтарының бірінің басшысы қарумен ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полиция Алматыдағы караоке клубтарының бірінің басшысын қарумен ұстады. 29 жастағы ер адам жедел іс-шаралар барысында қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріковтің айтуынша, ол аталған мекемеге келушілерге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша іс жүргізу барысында ұсталған.
"Күзетшілер мен бар басшылары келушілерді тыныштандыру үшін дубинкалар мен шыны ыдыстарды қолдануға шешім қабылдаған. Мекеме басшысынан 99 оқ-дәрі бар атыс қаруы, дубинка мен пышақ тәркіленді".Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков
Бұл жағдайда оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 бабы 2 бөлігі, ҚР ҚК-нің 287 бабы 1 бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сараланды.
Ол ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript