Алматыда "жарылғыш зат қойылды" деген бес нысан тексеріліп болды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 18:50 Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық ПД ресми өкілі атап өткендей, бес нысан бойынша жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаладағы банктердің бірінде тексеру әлі жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, алдында полицейлер қаладағы алты ғимаратты жарылғыш зат қойылғаны туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты қоршауға алғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнына шұғыл қызметтер, сапер бөлімшелері мен басқа да мамандар тартылған.

Полиция қала тұрғындарынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: