Талдықорғандағы жол апатынан төрт адам зардап шекті

Талдықорғандағы жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 13:02 Cурет: polisia.kz
24 ақпанда Талдықорғаннан шыға берісте Алматы – Өскемен автожолының 273-шақырымында жол апаты болып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

УАЗ Patriot мінген 69 жастағы жүргізуші "жол беріңіз" белгіні елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол талғамайтын көліктің салонында бес адам болды, олардың төртеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Сурет: polisia.kz

"Жол апатын тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды". Polisia.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: