Алматының 18 жастағы тұрғыны төрт адамды алдап кетті
Сурет: polisia.kz
Алматы полицейлері кемінде төрт азаматты алдап кеткен 18 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметі бойынша, А.есімді азамат сауда және ойын-сауық орталықтарында шағын әлеуметтік ролик түсіру үшін келушілерге жақындап, телефонын сұраған.
"Жәбірленушілердің арасында күдіктінің танысы бар. Ол түсірілім сапасы маңызды екеніне сендіріп, одан Apple iPhone 11 телефонын сұрап алған. Аңғал азаматтар жас жігіттің өтінішінен бас тартқан жоқ. Қолына гаджетті алғаннан кейін күдікті жасырынып қалған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның төрт алаяқтық ісіне қатысы болуы мүмкін екен. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді". Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр
Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript