Ақтөбелік жалған қызмет түрін ұсынып, бөтеннің екі көлігін заңсыз меншіктеп алған
Полицияға Шымкент қаласының тұрғынынан белгісіз адамның Ақтау қаласынан Астана қаласына екі кроссоверін әкеліп беремін деп уәле етіп, ақырында қос көлікті иемденіп алғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады.
Күдікті өзін "автовоздың" жүргізушісі ретінде көрсетіп, көліктерді жеткізіп беруге уәде бергені анықталды. Содан кейін Ақтөбе қаласына дейін автовоз жалдап, “іздерін жабу” үшін Ақтөбеде автокөліктерді басқа көлікке тиеп, Алматы қаласына жөнелткен. Mitsubishi Montero Sport маркалы екі автокөлік оңтүстік астанада тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-тармағының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.