Алматыда полиция егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 12:32 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Жетісу ауданының полицейлері тұрғын үйлердің бірінде жасалған қарақшылық қылмыстың бетін ашты.

Ең қысқа мерзімде күдікті анықталып, ұсталды – 39 жастағы ер адам түнгі уақытта қарт әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, оның осал жағдайын пайдаланып, ашық түрде ақшасын тартып алған.

"Біздің бөлімше қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекетінің арқасында күдікті анықталды және ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деді, Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасылов.

Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы болуға және қандай да бір қауіп төнген кезде полицияға хабарласуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: