Павлодарлық азаматтың көлігінен заңсыз ауланған 149 келі балық табылды

Браконьерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 12:57 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Павлодарлық азаматтың көлігінен жалпы салмағы 149 келі болатын 5 қап балық табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыскер ауылдық округінің дала аймағында Mitsubishi Montero автокөлігі тоқтатылды.


"Көліктің салонында рұқсат құжаттары жоқ жалпы салмағы 149 келі болатын 5 қап "карась" балығы табылды. Оның Қарасор көлінің жанында балық аулағаны анықталды". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

40 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 383-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: