Жаңалықтар тізбегі
0

Әскери борышын өтегендер ҰБТ-дан өтпесе де, Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсе алады

ҚР ІІМ, оқу, мерзімді әскери қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 11:26 Сурет: polisia.kz
ҚР ІІМ Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мерзімді әскери қызмет өткерген және ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы 24 жасқа толмаған азаматтар мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей қабылдау жылы 1 маусымға дейінгі мерзімде ІІО аумақтық бөлімшесі, ІІМ-нің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді деп жазылған.

Сонан соң ІІО аумақтық бөлімшесінің, ІІМ әскери оқу орнының басшысы немесе әскери бөлімнің командирі "Қазақстан Республикасының қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті арнайы тексеру және ӘДС қағидаларына сәйкес кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өту жұмысын ұйымдастырады.

Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар қабылдау жылы 20 шілдеге дейін құжаттарды тапсыру және түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін ІІМ-нің әскери оқу орнына келеді.

ІІМ-нің әскери оқу орнына қабылдау жыл сайынғы қабылдау жоспарының 20%-нан аспайтын мөлшерде Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде бұрын жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша іске асырылды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі:

  • Өтініш (Ұлттық ұлан мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының атына).
  • Жеке куәліктің, туу туралы куәліктің, әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәліктің, оқуға кандидаттың білімі туралы құжаттың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары).
  • Үлгерім табелінің көшірмесі немесе сынақ кітапшасының көшірмесі (білім беру ұйымдарындағы оқушылар үшін).
  • Сауалнама деректері-2 дана.
  • Өмірбаян (өз қолымен басылған және жазылған) - 2 дана.
  • Оқу орнынан мінездеме (қызмет, жұмыс).
  • Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдау туралы анықтама.
  • Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
  • Жақын туыстарының (ата-аналарының, асырап алушыларының, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерінің) жеке куәліктері мен туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
  • Фотосуреттер 3*4 - 6 дана.
  • Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасуға заңды өкілдердің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін).
  • ҰБТ сертификаты (мерзімді әскери қызмет өткерген және әскери бөлімде конкурстық іріктеуден өткен адамдарды қоспағанда), нәтижесі кемінде 50 балл, бұл ретте ҰБТ-ның 5 пәнінің әрқайсысы бойынша кемінде 5 балл.

Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қосымша қабылдау комиссиясына ұсынады:

  • мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған);
  • ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).

Құжат 29 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: