БҚО-да өлі табылған ер адамды тікұшақпен тасымалдауға тура келді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қызыл судың салдарынан трактор орта жолда қалған, сондықтан ондағы марқұмды тасымалдау үшін көмекке тікұшақ тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марқұмның 1984 жылғы ер адам екені белгілі.
"Мәйітті ТЖД қызметкерлері әкеліп тапсырды. Сараптамаға жібердік. Адам өлімі фактісі бойынша іс тіркелді. Өлім себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", деп хабарлайды "Мой город" порталы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция өздеріне жоғалған адам жөнінде қандай да бір арыз келіп түспегенін де нақтылай кетті.
Айта кетсек, БҚО-да су басқан аудандардан 40 мың текше метрден астам су сорып алғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript