Арқалықта аялдамаға көлігімен қойып кеткен жүргізуші ұсталды

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 20:13 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Арқалық қаласында полиция қызметкерлері аялдамаға соғылған көліктің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция ВАЗ 2112 автокөлігін тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші аялдамаға соғылғанын, оны куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізгенін хабарлайды. Ол мас күйінде болғаны да нақтыланады.


"Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айыруды көздейді", делінген хабарламада.

Полиция жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмағанын атап өтті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: