ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты
![Бауыржан Камалиев , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2023 20:53](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-49184471-0ec5-45ab-be03-96026aa0b7eb/800x485.webp)
Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық авиабазада ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге жылжытып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл - полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды. Бұрын ол екі локомотивті, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытқан.
Шараға қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысты. Екі ведомствоның басшылары спортшыны жаңа жетістігімен құттықтады.
![полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2023 20:53](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-00e4a293-9d48-43d2-a820-1fca1d032407/800x534.webp)
Сурет: polisia.kz
Оған Қазақстан рекордтар кітабы ұйымының атынан арнайы сертификат табысталды.
"Бүгін барлығымыз Қазақстан рекордының куәгері болып отырмыз. Күштік экстрим саласындағы белгілі спортшы, ІІМ қызметкері Бауыржан Камалиев біздің кеңсемізге өзінің ұсынысымен шықты. Ол бұрын да өзінің рекордтарымен елімізге, әлемге танымал болған. Біз мұндай спортшыларды әрдайым қолдауға дайынбыз". Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов
Бауыржан Камалиев жаңа рекордты жасамас бұрын үш ай дайындалған. Оның базалық спорт түрі – ауыр атлетика.
Пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript