Таразда клубтарға "күзет" қызметін пайдалануға мәжбүрлеген қылмыстық топ құрықталды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2023 18:21 Сурет: Zakon.kz
Ойын-сауық орталықтарының басшылары қылмыстық топтың "күзет қызметін" пайдалануға мәжбүр болуы үшін бір топ жас клубтар мен кафелердің клиенттері мен қызметкерлеріне тиісіп, қақтығыстар, төбелестер және жанжалдар ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел тексеру барысында қала мен облыс аудандарының спортшылары мен  бұзақы жастары қатарынан осы топқа қатысушылар анықталды. Олар бірқатар ойын-сауық мекемелеріне күзет қызметі түрінде қылмыстық қорғаушылық  ұйымдастырған. Бұл топтың ішінде бұрын бұзақылық және бопсалау жасағаны үшін сотталғандар да болды.

Сонымен қатар бұл топтың атыс қаруы қолданылған қылмыстық қақтығыстарға қатысқаны да анықталды.

Полицияға қылмыстық топтың 11 қатысушысы жеткізілді. Олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында атыс, травматикалық қарулар, суық қару мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Басты күдіктілер, атап айтқанда қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен жетекшілері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасуда.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: