Тоқаев Ұлттық банк басшысына тапсырма берді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2020 03:37 Ақорда
Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы және экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жолдары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының қазіргі ахуалы мен биылғы қаңтар-сәуір айларында жүзеге асырылған ақша-несие саясатының қорытындылары жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы және экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жолдары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Жұмыспен қамту жол картасына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алуды және оның көзделген мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысы өндіріс саласында жаңа жұмыс орындарын ашудың қажеттілігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: