Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен сөйлесті

звонок, переговоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 11:58 Ақорда
Туған күнімен құттықтап, қызметіне табыс тіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, игіліктер мен оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, делінеді Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесіне сайлаудың сәтті өткеніне қолдау білдіріп, Парламенттің жаңа құрамы мемлекеттің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатынына және қазақ-қырғыз достығын, тату көршілік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: