Мемлекет басшысы Салық Кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды
Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.
Заң азаматтарды, бизнес-қоғамдастықты қолдауға, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жақсарта отырып, соның арқасында көлеңкелі экономикаға қарсы шаралар қабылдауға бағытталған.
Мәселен, бизнес пен азаматтарды қолдау мақсатында:
QR-кодты қамтитын, кәсіпкерлік нысанның ақпараттық картасы болып табылатын салық төлеушінің паспортын қолданысқа енгізу. Бұл жаңалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау және жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту мақсатында енгізіледі;
бір жылдан астам мерзімге салықтарды бөліп (рассрочка) төлеуге мүмкіндік беру, онда да жылжымайтын мүлкі кепілге қойылса немесе банк кепілдік берсе. Жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің жалғыз баспанасын кепіл ретінде қабылдауға шектеу енгізу;
2021 жылы 1 қаңтардан бастап арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимі қолданылатын адамдарды КТС мен ЖТС төлеуден (2020 жылдан 2023 жылға дейін) босатылсын;
2022 жылы 1 қаңтардан бастап микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға ұқсас кредиттік серіктестіктерге провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқық берілсін.;
қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған, бірақ ешқандай операция мен есеп айырысу жүргізбеген, қызмет көрсетпеген салық төлеушілерді жою мақсатында салықтық тексеру жүргізіле қалған жағдайда оларды камералдық бақылау арқылы жеңілдетілген тәртіп арқылы таратуды оңайлату. Яғни, 2022 жылы 1 қаңтардан бастап салық берешегінің шекті шегі 6 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленді. Берешегі бұдан төмен шоттарға тыйым салу шарасы қолданылмайды.