Джо Байден екінші президенттік мерзімге түскісі келетінін жариялады
Денсаулығым қазіргідей жақсы болса, өз кандидатурамды шынымен ұсынамын.Джо Байден
Джо Байденнің айтуынша, Республика партиясы президенттікке кандидат ретінде Дональд Трамп ұсынған жағдайда, ол екінші президенттік мерзім үшін күресуге әзір. Бұл туралы ол ABC телеарнасы тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Джо Байденнің 2024 жылы президент сайлауына түсу-түспеу мәселесі америкалық баспасөзде кең талқыланып жатыр. Бұған президент рейтингінің құлдырауы себеп болды. 79 жастағы Байден тағы бір мәрте президент сайлауына түссе, ол АҚШ тарихындағы ең жасы үлкен кандидат атанады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Байден президент қызметі үшін күрестен бас тартса, Демократиялық партия вице-президент Камала Харрис пен көлік министрі Пит Бутиджичті президенттікке кандидат ретінде ұсынуы мүмкін.